Бүгін Қасым Жомарт Тоқаев АҚШ призиденті Дональд Трамптің бүкіл елге қойған реформасы жайында өз ойын білдірді. Тоқаевтың сөзінше бұл жаһандық тұрақсыздықта Қазақстан шетте қалмай, белсенді әрекет етеді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Syrym Itkulov Telegram арнасына сілтеме жасай отырып.
Жаһандық турбуленттілік — енді болжам емес, нақты шындық. Жеткізу тізбектері үзілуде, шикізат нарығында бейберекет, ал экономикалық ойын – «әркім өзі үшін» қағидатына ауысуда. Бірақ ең маңыздысы — Қазақстанның жауабы:
Паникаға жол жоқ — нақты жоспар керек. Үкімет пен өңірлер дағдарысқа қарсы жоспарды тез арада аяқтауы тиіс.
Ресурс емес, жылдамдық ұтады. Ең көп байлығы бар емес, ең шапшаң әрі нақты әрекет ететіндер жеңіске жетеді.
Нағыз басшылар сыналады. Қиын сәтте басқару қабілеті барлар мен жай ғана кабинетте отырғандар арасындағы айырмашылық анықталады.
Маңызды жобалар жалғасады. Қазақстан шетке кетпейді. Керісінше, сенімділік пен даму қарқынын сақтау үшін белсенді әрекет етеді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру