Тоқаев: Қосымша құн салығының 20% тым жоғары

Фото: gov.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесіп, қосымша құн салығының (НДС) 20%-ға көтерілуі туралы пікірлерге қарсы шықты. Бұл туралы Мақсат Жақау өзінің жазбасында атап өтті.

Президент 20%-дық ҚҚС ел экономикасына зиян келтіретінін жеткізді. Оның пікірінше, мұндай салық мөлшері экономиканы ауыртпалыққа салады. Тауарлар мен қызметтердің бағасы артып, халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, бұл әлеуметтік күйзеліс тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, ҚҚС-тің артуы көлеңкелі экономиканың өсуіне алып келеді. Кәсіпкерлер салықты жасырып, жемқорлықтың деңгейі артады, ал бюджетке түсетін салық көлемі азаяды.

Үкіметке ұсыныс

 Мақсат Жақау өз материалында, тұрмысқа қажетті тауарлар мен қызметтерді қосылған құн салығынан босатып, ал қымбат және «роскошный» тауарлар мен қызметтерге ҚҚС мөлшерін көбейту арқылы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге болатынын айтты.

Президенттің шешімімен ҚҚС 20%-ға өспейтін болды. Енді жаңа ұсыныстарды күтейік, тек осы жолы үкімет кәсіпкерлер мен сарапшыларды тартып, ортақ шешімді бірлесе отырып қабылдайды деп үміттенеміз.