Тоқаев биыл туған күнін атап өте ме

Фото: Ақорда

Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ресми мәлімдемеде президент туған күнін атап өтпейтіні айтылған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мерекелік іс-шаралар жоспарланбаған. Президент бұл датаны атап өтпейді», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткен емес. Тоқаев Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де туған күнімен құттықтамауын сұраған. Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың ұстанымы осындай екенін, оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмағанын айтқан еді.