«Томирис» фильмі үшін Әлия Назарбаеваға 150 миллион теңге төленгені рас па?

«Томирис» фильмінің сценарийін жазғаны үшін Әлия Назарбаеваға 150 миллион теңге төленген, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Orda.kz»-ке сілтеме жасап.

«Қазақфильм» АҚ-мен жасалған келісімге сәйкес, ол автор ретінде теледидарда таратудан түскен пайданың 60 пайызын, Қазақстан Республикасының кинотеатрларындағы прокаттың 70 пайызын және Қазақстаннан тыс кинотеатрларда прокаттың 40 пайызын алуға құқылы болған.

— Мемлекет фильмге 3 миллиардтан астам теңге жұмсады, прокаттан түскен табыстың жартысынан астамын сценарий авторы өзіне алды. Осы құжаттар бойынша жалпы сома шамамен 150 миллион теңге болды. Ал мәдениет және спорт саласының бұрынғы министрі Райымқұлованың мәлімдеуінше, фильм 500 миллионнан астам жинаған. Бұл Назарбаеваның үлесі 300 миллионнан кем емес деген сөз, — деп жазды журналист Михаил Козачков фейсбукте.

Айта кету керек, аталған фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева болған еді.

 

 «ozgeris.info»