Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейиге, бірінші вице-президент Мохаммад Мохберге және бүкіл Иран халқына Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисидің және Әзірбайжанның Шығыс провинциясында тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

«Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің және оның сенімді серіктестерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Ибрахим Раиси — Иран мемлекетінің мүддесіне қызмет ету, өз халқының әл-ауқатын арттыру, өңірдегі тұрақтылықты сақтау жолында бүкіл өмірі бойы аянбай еңбек еткен көрнекті мемлекет қайраткері.

Оның бастамалары мен еңбегі халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болғаны белгілі. Қазақстанда Ибрахим Раиси жауапты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлға ретінде әрдайым есінде болады «, — делінген жеделхатта.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...