Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті

Фото: gov.kz

Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтерінен айырылды, деп хабарлайды  Ozgeris.Info.

Бұл шұғыл ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босады», — деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, олардың жұмыстан шығуына қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау кезіндегі елеулі кемшіліктері негіз болған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат атты 16 жастағы баланың әкесі іс бойынша Талғар ауданының прокуроры жұмысынан кетсін деген талап қойған болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны