9 сәуір күні Токиода Геннадий Головкин мен Риото Мурата арасындағы кездесу өтіп, қазақстандық спортшы жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жек аяқталған соң ресейлік «Чемпионат» сайты кездесуге қатысты пікір білдіріп, GGG-дің қартайып қалғанын жазды.
«Кездесуді екіге бөліп қарауға болады. Алғашқы бес раунд жапондықтың бақылауымен өтті. Головкин содан кейін ғана басымдықты қолға алды. Жекпе-жектің бас жағы сенсацияға толы болды. GGG қарсыласына атыла бастағанда, ол ыңғайсыз екі соққысымен жауап қата берді. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы өзіне тән емес жағдайға тап болып, артқа шегінді. Головкиннің соққылары ауыр болған жоқ, сондықтан, жапондық өзінің ыңғайсыз әрі күшті соққыларын дәл тигізе бастады. Үшінші раундта-ақ Головкин қызарып, титықтап қалды. Тіпті, Мурато оны зейнетке жіберетіндей болып көрінді», – деп жазды сайт тілшісі.
Сондай-ақ, мақала авторы Геннадий Головкинге мексикалық боксшы, Сауль Альварес «Канеломен» кездеспеуге кеңес берген.
Айта кетейік, Геннадий Головкин осы кездесудегі жеңісінен соң IBF, IBO және WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын біріктірді. Ол дәл тиген соққылар саны бойынша қарсыласын артта қалдырды.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ