Шымкенттік шенеунік ұрланған қаражатқа жұбайына көлік сатып алған

topgir.com.ua

Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен келген мүлікті туыстарының атына рәсімдеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты cmn.kz порталына сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатында Биғайдаров ведомствоның атқарған жұмыстары жайлы баяндап, күдіктілердің ұрланған қаржыға алған дүние-мүлкін отбасына жаздырып отырғанын айтты.

«Шығыс Қазақстан облысында күдікті көлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген. Ал Шымкентте бір шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына көлік сатып алып берген», – деді агенттік өкілі.