Шымкент спирт зауытының басшысы ұсталды

алкоголь
Фото: istockphoto.com

Тексеру барысында қаржы мониторингі агенттігі Шымкент спирт зауытында есепке алынбаған 81 тоннадан астам алкоголь өнімін өндірілгенін және сатылғанын анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Суррогат алкоголь өнімін дайындау бойынша астыртын қызметпен айналысатын тұлғаларға есепке алынбаған алкогольдік өнімдер сатылды», — делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Жасырын алкоголь мереке және демалыс күндері жөнелтілген, бұл этил спиртін сақтау және сату ережелерін бұзады.

Ведомстводағылар сонымен қатар спирт зауытының директоры қалалық департаменттің лауазымды қызметкеріне пара бермек болды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

«Алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен байланысты іс-әрекетіне көз жұма қарауы және қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін бір реттік 20 000 АҚШ доллары және ай сайын 1 000 000 теңге көлемінде пара ұсынылған», — деп түсіндірді агенттіктегілер.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...