Алтай облысы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, жағдай 28 сәуірде Алтай ауданының Быково ауылында болған. Қасқыр жеке үйге құлыпсыз веранда есігінен кіріп кеткен.
«Үйдің иесі оны қуып шығуға әрекеттенген, бірақ қасқыр үй аумағында жұмыс істеп жатқан адамды тістеп алған. Быково тұрғындары өз беттерінше жиналып, қасқырдың ізіне түсіп, көзін жойды», — деді аудан әкімдігі.
Қасқыр жалғыз болмаған шығар деген қауіптен 29 сәуірде Нижней Быково шағын ауданында тұратын 10 оқушы қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
«Жергілікті атқарушы билік, ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дереу әрекет етті. Қазіргі таңда тұрғындар арасында ауыр зардаптар мен малға зиян келген жоқ. Арнайы іс-шаралар барысында қасқыр тістеген тұрғын мен жыртқыштан сынама алынып, сараптамаға жіберілді», — деп атап өтті әкімдіктегілер.
Басқармадан қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты, балалар әдеттегідей білім алып жатыр деп қосты.
ПІКІР ЖАЗУ