«Шені болса да арын жоғалтпаған»: Жолда қалғандарды үйіне қонақ қылған полицейдің әрекеті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақстанда ауа райының кенет суытуына байланысты, еліміздің біраз жолында көлік қозғалысы қиындады. Осындай жағдайлардың бірі Жамбыл облысында тіркелді. Осы тұста желіде Серік есімді полиция қызметкерінің жолда қалған жолаушыларды өз үйіне шақырған видеосы тарады, — деп жазады ozgeris.info.

Аталмыш видеоны саяхатшы-блогер Талғат Әли жеке парақшасына жүктеген.

«Таразда 1-2 күн жатып қонақ болмайсыздар ма? Біздің үйде болыңыздар, қазір үйде артық адам жоқ. Мекенжайым: Жұмабаев, 29а, әуежайдың дәл жанында тұрамын», — дейді Полиция қызметкері.

Видео авторымен қосқанда төрт адам шынымен Серіктің үйіне жол тартады. Оның екеуі — шетел азаматы. Олар таңданыстарын жасыра алмай, қазақтың шынымен қонақжай халық екеніне көздері жеткенін айтады.

«Айша бибі ауылының тұрғындары боранда жолда қалған барлық жолаушыларға үйлерін ашып, ыстық тамақ ұсынып жатыр. Серік есімді полиция қызметкері бізді жол үстінде тоқтатып, жол ашылғанша өз үйіне қонақ етті. Сонымен қатар, Тараз қаласының басқа да полиция қызметкерлері жолаушыларға қолдау көрсетуде», — деп жазды Талғат Әли.

Полицейдің игі ісі желіде кеңінен тарап, 300-ден аса пікір жинайды.

«Міне, нағыз полиция қызметкері. Шеннің қызуына еріп, арын жоғалтпаған. Ұрпағымен  мың жаса», «Қазақтың тектілігі мен жақсылығы осы», «Жүзі жылы ер азамат, түрінен-ақ көрініп тұр», «Серікке екі дүние бақытын берсін», — деп жарыса жазды олар. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Talgat Ali (@mr_belessov)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог: "Хотите снизить давление? Прекратите добавлять в еду…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Вашингтон с 17 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом