Бүгінде балалардың құқығын қорғау және балаларға қатысты заңсыз әрекеттер, соның ішінде зорлық-зомбылық және буллингтің алдын алу үшін ШҚО прокуратурасы URPAQ жобасына бастамашы болды.
Telegram мессенджерінде vko_urpaq_bot жүйесі жасалды. Ол – балалар құқығының бұзылуы жөніндегі ақпаратты жинауға, оларға жедел ден қою және өтініш берушілерге шұғыл көмек көрсетуге арналған автоматтандырылған жүйе.
Боттың функционалдығы әртүрлі форматта (фото, аудио, бейне, Word) түскен хабарламаларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Жүйе арқылы кез келген ересек адам мен бала шұғыл көмек сұрай алады немесе балаларға қауіп төндіретін ақпаратты (ашық люктер, жолдағы жағдай, бұралқы иттер және т.б.) жібере алады.
Бүгінде прокуратура ботты танымал ету, оқушылар, олардың ата-аналары мен оқу орындарының қызметкерлері арасында пайдалану ережелерін үйрету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Telegram-бот қылмыстың және жағымсыз салдардың алдын алу алаңы болады деп сенеміз. Ол үшін зорлық-зомбылықтың немесе балалар құқығының кез келген бұзылуына куә болған барлық азаматты бұл туралы VKO_URPAQ_BOT чат-ботына хабарлауға шақырамыз, – делінген прокуратура хабарламасында.
Фото: ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ