Трагедия 8 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Восход ауылында болды. Отырыс барысында 46 жастағы ер адам өз ауылдасын өлтірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Көршілерінің айтуынша, ер адамдар бірге жұмыс істеп, отын жарған. Жұмыс ақысына дәстүрлі ауылдық «валюта» алып, оны бірге «жұмсауға» кеткен. Бұған қоса, халықаралық әйелдер күні де себеп болды. Ішімдік ішкеннен кейін олардың арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Жарақаты ауыр болып, 44 жастағы ауыл тұрғыны көз жұмды.
«Күдікті – осы ауылдың 46 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
ПІКІР ЖАЗУ