«Сен әнші болмай-ақ қойшы»: Қабатовтың әйелі әншілікке бет бұрып, алғашқы гастрольдік сапарына шықты

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова әншілікке бет бұрды, деп жазды ozgeris.info.

Ол биыл алғаш рет гастрольдік сапармен шалғайдағы қалаға барып, концерт қойды.

«Елге барып еркелеп, ақ батасын алып келдік. Менің ән әлеміндегі алғашқы гастрольдік сапарып туған жерім Торғайымнан басталды. Сый-құрмет көрсетіп жатқан жерлестеріме мың алғыс!», – деп жазды әнші.

Алайда көпшілік өнер иесін сынға алып пікір жазуда.

«Сен әнші болмай-ақ қойшы», «Кім көрінген шығып жатыр», «Сахна тәрбиесі аз», — деп жазып жатыр оқырман.