«Қазавиаорманкүзеті» компаниясының бұрынғы шенеунігі Талғат Әлиевке «Семей Орманындағы» өрттен келген шығынды өтеу үшін 28 446 жыл қажет, деп жазады ozgeris.info сайты.
мәліметінше, «Қазавиаорманкүзеті» бас директорының міндетін атқарушы абайсызда алапат өртке әкеп соқтырғаны үшін ең төменгі режимдегі колонияда екі жылға бас бостандығынан айырылған. Салдарынан 63 мың гектар орман өртеніп, шығын 161,5 миллиард теңгеге бағаланды. Экология министрлігі бұл соманы мүліктік шығын деп жариялап, сот Әлиевті төлеуге міндеттеді. Тағы 4,8 млрд теңге мемлекеттік баж салығы.
Шенеунікке өз еркімен төлеуге бір ай уақыт берілді, әйтпесе мәжбүрлі механизм іске қосылатын болды. Біз Экология министрлігінен төлемдерге қатысты жағдайды сұрадық.
«Сот шешімін орындау үшін Алматы қалалық Әділет департаментіне жіберілді. Бүгінгі күні мүліктік залалды өтеу туралы өзекті ақпарат жоқ. «Алматы қалалық Әділет департаментіне сауал жолданды», — деп хабарлады вице-министр Нұркен Шарбиев.
Ал, Әлиев өз қызметінде 473 215 теңге жалақы алған. Мұндай табыспен бүкіл соманы өтеу үшін 28 мың жыл қажет болады. Оның ішіне күнделікті қажеттіліктер кірмейді.
Тараптардың бөліп төлеу туралы келісімге келген-келмегені де тексерілді.
«Министрлік сотталған азаматпен ешқандай келісім жасасқан жоқ. Оның тарапынан да ұсыныс немесе бастама болған жоқ», — деді Шәрібаев.
Экология министрлігінің бұл ақшаны қайтару жоспарында бар ма? Әлде ол жай ғана қарыз дәптерінен сызыла сала ма?
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру