Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне барып, жағдайымен танысты. Бұл жайында депутат Нұргүл Тау әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғанына куә болдым. Лагерь бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. Қызмет көрсетуші — «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны — 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу процедурасы қалай жүргізілгені төңірегінде мәселе туындауына байланысты өз тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым» деп жазады депутат.
ПІКІР ЖАЗУ