Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлеп сотқа жеткізді. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі «Sputnik Қырғызстан»-ға сілтеме жасап.
«47-колонияның қызметкерлері оны жейде және іш киіммен камерадан күштеп шығарып, тәртіп сақшыларына тапсырды. Күзетшілер оны қарға сүйреп апаруға құқылы ма еді? Ол үшін сот емес, өмірі мен денсаулығы маңызды, сондықтан көліктен түсуден бас тартады. Атамбаевтың денсаулығының нашарлығын дәрігерлердің қорытындысы дәлелдеп отыр», — деп жазды Жоошев.
Келіссөздерден кейін Атамбаев қайтадан ИК-47-ге жеткізілді. Қой-Таш оқиғасы бойынша сот отырысы оның қатысуынсыз басталды. Адвокаттың айтуынша, экс-басшының ауыр сырқаттары оның қамауға алынып, сотқа қатысуына кедергі келтіреді.
Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев 2019 жылдан бері қамауда отыр. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 2020 жылы қазан оқиғалары кезінде саясаткер ҰҚК тергеу изоляторынан босатылды, бірақ бір аптадан кейін қайта ұсталды. Кейін қылмыстық істер қайта қарауға жіберілді.
ПІКІР ЖАЗУ