Бұл туралы Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты хабарлады, деп жазады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Күдікті ішімдік ішкен мас хәлде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап алып кірген. «Тыңдау үшін жақсы ән қойып беремін» деп ауласына кіргізіп алған соң, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген», — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ