Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов генералдар мен әскери шенділерді жеке құраммен жұмыстағы кемшіліктері үшін сөкті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Жоғары шенді алу босаңсуларыңызға мүмкіндік береді ме? Әлде, өзіңдікіне қолдарың жетіп қойды ма?», – деді қорғаныс министрі.
Руслан Жақсылықов қоғам әскерден жастардың өмірін сақтауды талап ететінін баса айтты.
Видеода байқалғандай, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа толық емес қызметтік сәйкестік жарияланған.
Сонымен қатар Жақсылықов генерал-майор Нұртас Қабақовты әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш білдіретінін атап өтті.
Министрдің айтуынша, командирлер өз қарамағындағыларға қамқорлық жасауға, олардың қызметі мен кәсіби өсуіне жағдай жасауға міндетті.
«Кешіріңіздер, мен үнемі саусақ шошайтып, сіздердің тараптан бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыруым керек пе?», – деді Жақсылықов.
ПІКІР ЖАЗУ