«Сапасы сын көтермейді»: Отандық деп көрсетілген тауарлар неліктен Қазақстанда өндірілмейді?

Фото: ozgeris.info

Отандық өндірушілерді әрдайым қолдауға тырысатын халық біртүрлі жағдайға тап болды. Әлеуметтік желіде Дана Әбелбассова есімді желі қолданушысы дүкен сөрелерінен қарақұмық және күріш өнімдерін іздеп жүріп, кейбір брендтердің қазақстандық сияқты көрінгенімен, іс жүзінде елімізде өндірілмейтінін байқаған.

«Сұлтан» бренді туралы бұрын Қазақстанда жасалған деп ойлайтынмын, бірақ кейбір өнімдері шетелде өндіріледі екен», — деп жазды ол.

Қазақстан дүкендеріндегі тауарлардың басым бөлігі көрші елдерде жасалған, сондықтан жергілікті өнімді табу үшін біршама уақыт кетеді дейді ол.  Әрине еті үйреніп қалғандар үшін бұл жаңалық емес, алайда айта кететін жайт бар. Қазақстанда жасалған өнімдерде арнайы «Made in KZ» деп жазылған көгілдір және ақ түсті белгі болады.

«Бұрын мен өнімнің этикеткасын оқитынмын, бірақ арнайы белгісі болса, әлдеқайда жеңіл болар еді», — дейді  желі қолданушысы.

 

Посмотреть в Threads

 

Осы ретте Ozgeris.info тілшісі отандық өнімдер расымен де шетелде жасалатыны рас па зерттеп көрді.

«Сұлтан» бренді Қазақстанда тіркелген. Сайтындағы ақпаратқа қарасақ, «Сұлтан Маркетинг» компаниясы 1996 жылы құрылған. Бас кеңселері Қазақстанның сауда-экономикалық аймағында -Алматы қаласында орналасқан.

«Бүгінде «Сұлтан Маркетинг» компаниясының күшімен «Сұлтан» сауда маркасының өнімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аймақтарында сәтті сатылуда. Бұл аптасына 20 000-нан астам тауар өткізу нүктелері бар деген сөз. Тауарды сақтау үшін біз жалпы ауданы 15 000 м2тек жабық қойма үй-жайларын пайдаланамыз», — делінген сайт ақпаратында.

Алайда бренд қазақстандық саналғанымен, барлық өнімдері елімізде шығарылмайды. Мысалы, макарон өнімдері Қазақстанда өндіріледі, ал қарақұмық пен күріш Ресей немесе басқа елдерден әкелінеді.

Қаптамада «Ресейде жасалған» деп жазылса, ол сол елде өндірілгенін білдіреді, бірақ қазақстандық бренд атынан сатылуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдай бірнеше факторларға байланысты.

Біріншіден, өндірістің болмауы. Қазақстанда күріш өсіріледі, бірақ шектеулі көлемде. Компания сапасы мен бағасына байланысты оны Ресейден алдырады.

Екіншіден, экономикалық тиімділік. Ресейде өндіріс жақсы жолға қойылған болса, компания үшін оны сол жерден алып келу арзанырақ болады.

Үшіншіден, нарықты бөлу. Кейбір компаниялар өндірісті әртүрлі елдерде орналастырып, логистиканы оңтайландырады.

2023 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда 510 797 заңды тұлға тіркелген, олардың 410 744-і белсенді жұмыс істейді. Өңдеу өнеркәсібінде 25 789 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 20 403-і белсенді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстандағы өнеркәсіптік өнім көлемі 4 402,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібі – 2 119,2 млрд теңге (48,1%), ал өңдеу өнеркәсібі – 1 900,7 млрд теңге (43,2%).

Яғни, Қазақстанда өндіріс жолға қойылған, десе де дүкен сөрелеріндегі тауарлардың басым бөлігі импортталған. Бұл ретте халықты не үшін деген сұрақ мазап отыр.

Ресей, Қытай, Беларусь өнімдері көбінесе арзан, себебі оларда өндіріс ауқымды, субсидиялар бар немесе шикізат құны төмен. Қазақстандық өндірушілер баға бойынша бәсекелесе алмайды.

Үлкен супермаркеттер тұрақты көлемде өнім жеткізетін ірі жеткізушілермен жұмыс істеуді қалайды. Ал шағын және орта қазақстандық өндірушілер тұрақты жеткізілімді қамтамасыз ете алмай отыр.

Қазақстанда шикізат мол (бидай, ет, сүт), бірақ оны өңдеу әдісі дұрыс қолға алынбаған. Мысалы, ұнды экспорттаймыз, бірақ макарон немесе кондитерлік өнімдерді Ресейден аламыз.

Импорттық брендтер жарнамаға, жеңілдіктер мен акцияларға көбірек қаржы бөледі. Ал қазақстандық тауарлар мұндай маркетингтік бюджеттерді көтере алмайды.

Тұтынушылардың талғамы да орасан зор рөл атқарады. Ел халқы қазақстандық өнімдерді сапасыз деп санағандықтан, импорттық өнімдерге сұраныс әрдайым жоғары.

«Мен бұл ойындардан шаршадым. Маған сапасы мен бағасы жағынан сай келетін тауарларды ғана сатып аламын. Олар тіпті Антарктидада жасалса да бәрібір. “Жергілікті өндірушілердің тауарларын сатып алыңыз” деген саясат бәсекелестікті әлсіретіп, сапалы әрі арзан өнім шығаруға ынталандырмайды», — дейді желі қолданушысы.

«Отандық өндірушіні қолдауға тырысу бұл оларды ренжіту емес. Бұл – экономика. Қазақстандық өнімді неғұрлым көп сатып алсақ, біздің өндірушілердің тапсырысы да артады. Бұл өз кезегінде біздің ЖІӨ-нің өсуіне және импорттың азаюына ықпал етеді. Бұл аргументтердің өзі жеткілікті. Сондай-ақ, біздің өндірушілерге баға бойынша бәсекелесу қиын екенін түсінуіміз керек, сондықтан оларды қолдау қажет. Яғни, бұл – ең алдымен экономикалық мәселе. Жеке өзім осыны басшылыққа аламын», — дейді желі қолданушысы.

Шындығында, отандық өндірушілерді қолдағысы келетіндер жеткілікті, екінші мәселе денсаулыққа зияны мен пайдасы. Көпшілік импортталған тауарды алуының себебі, сенім мен денсаулыққа кері әсерінің болмауы.

«Біздің өнімдер әрдайым сапалы бола бермейді. Мен үшін отандық өндірушілерді қолдаудан гөрі, отбасымның денсаулығы маңыздырақ. Мысалы Күнде жүгерісі Ресейден. Ал Қазақстанда жүгері қайда өседі? Онымен кім айналысады? Дәл осындай жағдай күрішке де қатысты. Мүмкіндігінше өз өнімімізді алуға тырысамын, бірақ мен үшін ең бастысы – денсаулық», — дейді желу қолданушысы.

Импортқа тәуелділікті азайту үшін кешенді шаралар қажет дейді сарапшылар. Тек импортты шектеу немесе тұтынушыларды жергілікті өнімді сатып алуға мәжбүрлеу тиімді емес, себебі бұл әдістер нарықтағы бәсекелестікті төмендетіп, сапа мен баға саясатына кері әсер етуі мүмкін. Оның орнына, отандық өндірісті дамытуға бағытталған жан-жақты стратегия қажет.

Бұл – ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін және технологиялық секторды қолдау, бизнеске жеңілдіктер жасау, инфрақұрылымды жақсарту, инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу және мамандар даярлау сияқты шараларды қамтуы тиіс. Сонымен қатар, тұтынушылардың отандық өнімге деген сенімін арттыру үшін сапа стандарттарын көтеру және маркетингтік қолдау көрсету маңызды. Тек осы жағдайда ғана импортқа тәуелділікті азайтып, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге болады.

Импортты шектеу арқылы жергілікті өндірісті күшейту – қате тәсіл. Оның орнына қазақстандық тауарлардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Егер отандық өнім сапалы, арзан және қолжетімді болса, тұтынушылар оны өз еркімен таңдайды.

Яғни, басты мақсат – импортты ығыстыру емес, отандық өндірісті күшейту. Бұл экономикаға да, тұтынушыларға да тиімді болады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…