Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев айтты.
«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», — деді Ермұхамет Ертісбаев.
Алайда Айтбек Амангелді бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін жеткізді.
«Мен бұл туралы сізден естіп тұрмын», — деп жауап берді Айтбек Амангелді тілшілерге.
Айта кетейік, 13 мамырда сот ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевты аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырды.
ПІКІР ЖАЗУ