Сабақ оқымағаны үшін қызын пышақтап тастаған жүкті әйел 6 жылға сотталып кетті

Фото: tambov.ru

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызын пышақтаған жүкті әйелге сот үкімі шықты.

Оқиға былтыр қыркүйек айында 11 жастағы қыз үй жұмысын жасап жатқан кезде болған. Анасы қыздың мектеп дәптерін ұқыпсыз толтырып отырғанын көріп ашуға салынған. Кейін асүй пышағын ала жүгіріп  бірнеше рет қызының санына тығып алған. Салдарынан баланың қан айналымы нашарлап, бетінде акроцианоз басталған. Дәрігерлер ота жасап, кейін Петропавлға жіберген. Толық ем қабылдаған қыз аман есен үйіне оралды.

Қайғылы оқиғадан соң көпбалалы жүкті әйел бала тәрбиелеу құқығынан айырылды. Үкім шыққанға дейін ол елден кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүрген.

Қылмыстық іс ҚК-нің 106-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша қаралды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады.

«Инара Ислямова Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) 3, 11-тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінде орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін.

Ислямоваға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы жойылып, сот залында қамауға алынсын. Жазаны өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен бастап, яғни 2025 жылдың 18 ақпанынан есептелсін», – деді кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әсемгүл Тоқтарбаева.

Үкім жарияланған сәттен бастап әйел сот залында қамауға алынды. Сот ең төменгі жаза — 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.

Енді алты баланың тәрбиесімен әкесі айналысады. Ауыр жарақат алған қыз отбасының төртіншісі. Судья үкімді оқи отырып, әйелдің өз баласына қасақана ауыр қылмыс жасағанын, асүйге барып пышақ ала жүгіргенде де, қыздың бөлмесіне кіргенде де тоқтамағанын ескерді.

«Сотталушы Ислямова, сіз асүйге барып, пышақ алғаннан кейін тоқтамадыңыз. Осы пышақпен баланың бөлмесіне кіргенде де тоқтамадыңыз. Баланы пышақпен жарақаттап, енеңіз бөлмеге кірген кезде ғана тоқтадыңыз. Сондықтан жазаны кейінге қалдыру не төмен жазаны тағайындау мүмкін емес. Себебі адамға, жас балаға қарсы қылмыс жасалған», – деді үкімді түсіндірді судья.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Раскрыт способ в 55 лет выглядеть на 25! Морщины уйдут если...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец