«Адырна» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен тырнақ әрлеуші маманмен тегін мастер-класс өтті. Шара ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі» мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсыры аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болды. Іс-шара adyrna.kz инста парақшасында өтті. Еске сала кетейік, Адырна парақшасында 300 мыңға жуық оқырман бар.
Іс-шара спикері тырнақ әрлеуші маман Ұлжан Болатова мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандық саласы және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.
Қатысушы жастар, оқырмандар маманға түрлі сауалдар қойып, қалай табыс табуға болатыны жайлы ақпараттар білді.
ПІКІР ЖАЗУ