Рудныйда жұмысшы қаза тапты

Фото: Pixabay.com

Рудныйда кәріз құдығына түскен жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 30 тамызда түстен кейін Транспортная көшесінде болған.

Құтқарушылардың күшімен кәріз құдығында тазарту жұмыстарын жүргізген жұмысшының денесі табылды. 1993 жылы туған ер адамның денесі жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Ер адамның қайтыс болу себебі анықталып жатыр.