"Бәрін Баян үшін жасадым": Тұрсын Алагөзов зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

"Бәрін Баян үшін жасадым": Тұрсын Алагөзов зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Танымал кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзовтің күйеуі Тұрсын Алагөзов зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Бейбіт Әлібековтің "По домам" бағдарламасының кезекті түсірілімі Тұрсын Алагөзовтің үйінде өтті. 

Зәулім үй Алматы тауларының етегінде орналасқан. Бассейн, 8 қанатты үлкен киіз үй, терасса, үлкен гардеробқа дейін бар

Аталмыш үйді көргенде көрермен де, жүргізуші де таңданысын жасырмады. 

"Осының барлығын әйелім үшін жасадым. Соған ұнаса болды. Әйелім көрген кезде бірден ұнатты", - деді кәсіпкер. 

Баян Алагөзова екі қызының бөлмелері мен асүйге жеке тоқталып, көрсетіп шықты. 

Все новости