Ресейге кірмей: Өзбекстан авиакомпаниясы Ақтау маңындағы қайғылы оқиғадан кейін бағыттарын өзгертті

Фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Gazeta.uz басылымының мәліметінше, Uzbekistan Airways авиакомпаниясы 20 қаңтардан бастап Еуропа елдеріне рейстердің маршруттарын өзгертті.

Компания басқармасының төрағасы Шухрат Худайқұловтың айтуынша, Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін авиамаршруттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шешім қабылданды.

Худайқұлов рейстер 30-40 минутқа ұзарғанын атап өтті. Оның айтуынша, шешім Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің есебі негізінде қабылданды. Енді бағыттар оңтүстікке қарай Әзірбайжан мен Түркия арқылы жүреді.