Алматыда адам бопсалады деген күдікпен ұсталған екі блогерге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ozgeris.info.
Алматы қалалық прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта, полиция департаменті ҚР ҚК 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы («аса ірі мөлшерде жасалған бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Айта кетейік, бап санкциясы бойынша мүлік тәркіленіп, жеті жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жәбірленушінің шағымы бойынша блогерлер 10 миллион теңге алған кезде ұсталған болатын.
«Күдіктілер әлеуметтік желілерге материалдарды жариялаймыз деп бопсалап, 8 миллион теңге алмақ болды. Сонымен қатар, олар жәбірленушіні сот шешімі бойынша кәсіпкер төлеуге міндетті 20 миллион теңге сомаға шағымнан бас тартуға көндіруге тырысты», — деді полиция.
Айта кетейіе, ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов болып шықты.
ПІКІР ЖАЗУ