Орынбор облысының Орск қаласында Елшанка өзені арнасынан асты. Бұл туралы қала мэрі Василий Козупица өзінің Telegram арнасында хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі.
«Қаланың Щорс көшесінің ауданындағы Елшанка өзені арнасынан асып жатыр. Су Рабочий кенті жағынан келіп, өзен арнасының екінші учаскесінің аумағына кірді», — деп жазды ол.
Қала басшысы Ленинский ауданының басшысы Елена Колядинамен бірге Васнецов және Вяземская көшелерін аралап көрді.
«№6 мектептің айналасында су бар. Вяземская көшесінен Краматорскаяға дейін және Механикалық зауытқа дейінгі аумақты су басты», — деп нақтылады ол.
Козупицаның қосып өтуінше, билік қазір адамдарға хабарландыру айтып, полиция мен төтенше жағдайларды жою күштерімен бірге жағдайды пысықтап жатыр.
«Біз эвакуациялық автобустар мен уақытша орналастыру орталықтарын ұйымдастырдық», — деп түсіндірді ол.
Қала басшысының айтуынша, Станиславский көшесінде эвакуациялық бекет ашылды. Аудан басшылығы полициямен бірге онда тәулік бойы кезекшілік жүргізіп жатыр.
Фото: Kazinform
ПІКІР ЖАЗУ