«ҚазАвтоЖол» көпірдегі жылқыларға наразы болды: полиция көкпаршыларды жазалады

видеодан кадр

Алматы облысында жаяу жүргіншілерге арналған көпірмен атпен өткен бір топ ер адам жазаланды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

25 ақпанда ұлттық автожол операторының Telegram-арнасында Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында түсірілген видео жарияланды. «ҚазАвтоЖол» бұл көпірлер тек жаяу жүргіншілерге арналғанын еске салып, жолды осылай кесіп өтпек болғандар көкпаршылар екенін айтты.

Полиция бейнежазбаның өткен жылдың соңында түсірілгенін нақтылады. Сондай-ақ, құқық бұзушылықты анықтауға көмектескен авторға алғыс білдірді.

«Барлық қатысы бар тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды, әкімшілік қамауға алуға дейін шаралар қабылданды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.