«Орал деген облыс орталығы бар. Батыс Қазақстанның кіндігі. Былайғы жұрт «ой, Оралың орыс қой» дегенде шамданып қалушы едім… Мынадай хабар естідім. Қатты ашуландым, бұлай дегенім тек сыпайыгершілігім, әйтпесе, тапталған қазақ намысы үшін БҚО билігінен жиіркеніп отырмын», — деп бастады ол ойын.



«Орысы ормандай сыңсыған өңірдегі ұлттық руханиятқа қорған боп тұрған жалғыз театрды қан қақсатып қойған облыстық биліктің де беті бүлк етпейді. Қайта сол Бөкеева театрының басымен қайғы боп жатқаны әбден ұнайтындай-ақ», — деп жазды Алмас Алтай.
Жемқорлық па, немқұрайлылық па?
2023 жылы жөндеу жұмыстары басталған. Алайда мердігер компания «Өркен-Сервис» ЖШС құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы қайта қарауды талап етіп, БҚО мәдениет басқармасын сотқа берген. Бірақ тапсырыс беруші бюджет көлемін ұлғайтуға келіспеген. Сот процестерінің салдарынан қазақ драма театрының күрделі жөндеуі тоқтатылған. Ал оның қашан аяқталатыны белгісіз.
Уральская неделя сайтының мәліметінше, қазір мәдениет басқармасы жаңа байқау жариялап, басқа мердігерді анықтауға дайындалып жатыр. Сондай-ақ театрдың жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қосымша қаржы қажет екені де айтылуда. Себебі 2023 жылдың соңында сот БҚО мәдениет басқармасы мен «Өркен-Сервис» ЖШС арасындағы мемлекеттік сатып алу келісімшартын жарамсыз деп таныды.
Батыс Қазақстан басшылығы бұл күрделі жөндеу жұмыстарына қаражатты қайдан алатынын әлі білмейді. Облыс әкімдігі бюджет тапшылығына байланысты қосымша қаражат таба алмай отыр.
ПІКІР ЖАЗУ