Ресейдің Қорған облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотталған Қазақстан мен Украина азаматтары Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, “арнайы әскери операция” аймағына аттанды. Бұл туралы ozgeris.info сайты ura.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаға байланысты ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.
Украиналық сарапшы Виталий Портниковтың пікірінше, Мәскеу Қазақстан азаматтарын белсенді түрде тартуға тырысып жатыр. Сарапшы мұны Ресейдің адам ресурсының жетіспеушілігімен және кең көлемді мобилизациядан бас тарту ниетімен байланыстырады. Сонымен қатар Портников Кремльдің бұл әрекеті арқылы Астананың қолдауын көрсеткісі келетінін айтады. “Шын мәнінде, қазақстандықтар бұл соғысты қолдамайды”, – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей жағында соғысқан кейбір қазақстандықтар Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қоюға не себепті барғандарын ашық баяндаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру