Путин Зеленскиймен кездесуге келісті

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге келісті, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы Anadolu порталына сілтеме жасап.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлының айтуынша, Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен кезде келісімін білдірді.

«Негізінде Путин президент Ердоғанға телефон арқылы мұндай кездесуге қарсы емес екенін айтты. Лавров Анталияда өткен баспасөз мәслихатында осыны қайталады. Украина жағы да дайын. Екінші жағынан, Киев пен Мәскеу техникалық және басқа да мәселелер бойынша өзара байыпты келіссөздерді жалғастыруда», — деді сыртқы істер агенттігінің басшысы Анталиядағы дипломатиялық форумның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Зеленскийдің кездесу мүмкіндігін «ешкім жоққа шығармайды» деді. Бірақ келіссөздер алдында оларда не талқыланатынын және тараптар қандай нәтижеге келетінін анықтау керек.

Еске салайық, келіссөздердің үшінші раунды барысында Украина мен Ресей делегациялары атысты тоқтату туралы келісімге келе алмаған болатын.

ozgeris.info” порталы