Полетаев: Әрбір президент осындай беделді алаңда дәріс оқи алмайды

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Сингапурдағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі дәрісіне түсініктеме бере отырып, әрбір мемлекеттің президенті осындай беделді алаңда дәріс оқи алмайды, себебі ол үшін сыртқы саясатта жоғары біліктілікке ие болу қажет. Бір нәрсе — қағаздан бірдеңе оқу, екінші нәрсе — өз еліңді нақты түсіну, мақсаттарды айқындау және қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті құралдарды табу қабілетіне ие болу, деп толықтырды саясаттанушы Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшының пікірінше, Сингапурға мемлекеттік сапар аясында дәріс өткізу де — қажетті нәтижелерге қол жеткізудің бір құралы. Оған қоса, Эдуард Полетаев дәріс мазмұнының тікелей маңыздылығын атап өтті.

— Оның мазмұны (дәрістің мазмұны — ред.) ресми хаттамалар, кезекші комплименттер мен қажетті шарттылықтар шеңберінен әлдеқайда тыс. Дәрістің мақсаты — Қазақстанның ұстанымы мен әлемдегі жағдайды түсінуді кең жұртшылыққа жеткізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылардың бәрін көрсетті. Оның үстіне, оның тәжірибесі жан-жақты, ол кадрлық кәсіби дипломат, өз мансабын Сингапурда бастаған, сингапурлық экономикалық кереметтің авторы Ли Куан Юмен кездескен, БҰҰ құрылымының, Қазақстанның атқарушы және заңнамалық билігінің жоғары лауазымдарында жұмыс істеген… Оның тәжірибесі көпшілікті қызықтырады, — деп нақтылады саясаттанушы.