«Пойыздағы күтпеген жағдай». Әйел Астанаға барар жолда босанды

turanexpress.kz

21-22 қазанға қараған түні Шымкент-Астана бағытындағы пойызда күтпеген босану болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Астанаға бара жатқан жолаушы кешке қарай босана бастады, күйеуі жолсеріктерден көмек сұрап. Пойыз бастығы Қарақұлова Гүлшат пен жолсерік Адамбаева Анара жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетті.

Сағат 23: 55-те дені сау қыз дүниеге келді. Жақын маңдағы Сары-Шаған станциясында анамен сәбиді дәрігерлер қарсы алып, оларды одан әрі бақылау үшін ауруханаға жеткізді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, соңғы үш жылда пойыздарда 14 сәби дүниеге келді.

Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.