Есіл өзенінде суға батқан 10 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ол сегіз күн бұрын шомылуға барып, батып кеткен. Баланың денесі елді мекендердің бірінің жанынан табылды.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД суға кеткен баланың денесін іздеуге 12 құтқарушы, 2 арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппараттарын жұмылдырған.
ТЖД мәліметінше, 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылған.
ПІКІР ЖАЗУ