Әлеуметтік желіде жасөспірім қыздың екінші бір жас ұызды аяусыз соққыға жыққан видеосы таралуда.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің профилактикалық есепке алынғанын, ал оның заңды өкілі бала тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.
«Кәмелетке толмаған қыз заңды өкілінің кепілдігімен босатылды. Сондай-ақ біз Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс тастадық», — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ