Парижде Алматы спорт басқармасы басшысының жүрегі тоқтап қалды

Ерден Хайруллин
Фото: Алматы қаласы спорт басқармасының баспасөз қызметі

Париж Олимпиадасында Алматының спорттық делегациясын бастап барған Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Алдын-ала мәлімет бойынша, спорт шенеунігінің жүрегі тоқтаған. Басқа ақпарат жоқ.

Ерден Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…