Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қуанышты жаңалығын бөлісті

Нариман Құрбанов
Фото: Алматы әкімдігі

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдерегері Нариман Құрбанов Алматы әуежайында берген сұхбатында жақында болашақ жарына үйленуге ұсыныс жасайтынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Жауапты сәтті 3 жылдан бері созып келеміз. Олимпиада ойындарынан соң отбасын құруды ойластырғанбыз. Сәті келді деп ойлаймын. Нақты уақытын айтпаймын, бірақ жақын арада болашақ жарыма үйленуге ұсыныс жасаймын», — дейді Нариман Құрбанов.

Олимпиада жүлдерінің болашақ жары Аида Бауыржанова да спорттық гимнастикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері.