Пәкістан үнді шекара бекеттеріне оқ жаудырды

Фото: depositphotos.com

Пәкістан күштері шекара бойында орналасқан бірнеше үнді бекеттерін атқылады. Үндістан әскері де оқпен жауап қайтарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты News18 порталына сілтеп.

Сондай-ақ Бандипора ауданында қақтығыстар орын алғаны айтылуда. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Пәкістанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кашмирдегі терактіден кейін Үндістан қабылдаған шараларға жауап беретінін мәлімдеген болатын.

Пәкістан қорғаныс министрі де мәлімдеме жасап, әлем қауымдастығы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа алаңдауы керектігін айтты. Оның айтуынша, екі ядролық державаның қақтығысы қайғылы аяқталуы мүмкін.