«Отқа май құю шариғатқа қарсы»: Ардақ Назаров қазақтың ырымын қолдамайтынын айтты (ВИДЕО)

Фото: Жұмабеков Жаслан

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров “отқа май құю” шариғатқа қарсы деп мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

“Ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса, мен оны қолдаймын. Ал егер шариғатқа сәйкес емес, әр түрлі зиян келтіретін ақылға қонымсыз ырым-тыйымдар болса мен оны қолдамаймын. Мәселен, отқа май құю дейміз. Тағы қайсын айтсақ болады? Көп қой енді ырымдар… Біздегі ырым-тыйымдардың көбісі хадистермен байланысты екен. Яғни біздің Ислам дінімен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдар өте көп екен. Соңғы кезде соны оқып таңғалдым. Мысалы, табалдырықта тұрмау, есікті кермеу сияқты ырым-тыйымдар түп негізі хадиске негізделген екен”,- деді Ардақ Назаров.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baimedia BaiMedia (@baimedialife)