9 шілде түнде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тасжолында салмағы 25 тонна шөп тиелген тіркемелері бар екі жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ТЖМ күштерімен жалпы жану алаңы 60 шаршы метр өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, деп еске салды құтқарушылар.
ПІКІР ЖАЗУ