Оралда бюджеттен 399 миллион теңге жымқырған шенеуніктер сотталды, — деп хабарлайды «ozgeris.info» «Tengrinews.kz-ке «сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қылмыстық істе күдікті ретінде «Электромонтаж» АҚ бөлімшесінің директоры мен Орал қаласындағы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов.
Бюджет қаржысы «Тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтау» объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген болатын. Тергеу барысында олар толық көлемде бюджетке қайтарылды. Екі күдікті сотталды.
«Орал қаласындағы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, екі жылға сотталды, ал Сәрсенбаев Б. ұйымдарда және коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырмай екі жылға сотталды», — делінген хабарламада.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ