Бірнеше рет харассмент жасап, мандатынан айырылған экс депутат Асқар Садықов әнші Dequin-нің әкесі болып шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айта кетейік, өнер иесі алғаш рет әкесінің депутат екенін жариялаған еді. Одан кейін рэпер төрт жыл бұрын өнердегі әріптестері харассмент сипаттағы қылық көрсетті деп айыптаған еді.
“Неліктен қыздар “бәрін ұмыта сал” дегенге көну керек. Біреу оның денесіне қол тигізсе күлкіге қалады. Денеме рұқсатсыз қолын тигізген адам үшін мен неге ұялуым керек. Мен үш рет танымал рэперлерден жапа шектім. Үш рет оларды жазасыз қалдырды. Бұдан кейін үнсіз қала алмаймын”, – деген еді Данеля Садықова.
Қызының харассментке ұшырағанын біле тұра, өзі де сондай сипаттағы қылық көрсеткен экс-депутатты желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Арасында өнер иесін қолдап шыққандар да кездесті.
“Бала ата-ананың әрекетіне жауап бермейді”, “Өмір – бумеранг деген осы”, “Қызы мен анасы адамды адам құрлы көрмейтін еді. Мейрамханада менсінбей жүретін”, “Әкесінің абыройынан айырылғаны жақсы болды. Өте нашар кісі еді”, “Қызы еліне ренжіп, Ресейге көшіп кетті”, “Данеля, сен мықтысың”, “Әнші қызды қолдайтындар біргеміз”, – деп жазды көпшілік.
View this post on Instagram
ПІКІР ЖАЗУ