Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Н. Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы «Экономист» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану бакалавры» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...