Неврография — жүктемеге арналған терапия

Өзін-өзі қолдау — бұл әрдайым су бетінде қалқып тұрғысы келетін әрбір саналы адам өмірінің маңызды бөлігі.

Сіз өзіңізді шығармашылық адам деп санасаңыз да, санамасаңыз да, арт-терапиямен айналыса аласыз. Маманның қадағалауымен жүргізілген мұндай терапия кереметтей ішкі өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Және сіз сурет сала аласыз ба, жоқ па бұл маңызды емес. Сонымен қатар, көптеген адамдар арт-терапияны өз эмоцияларын көрсету, білдіру үшін өз бетінше қолданады.

Осы секілді әркім оны арнайы дайындықсыз өзі пайдалана алуы үшін, біз арт-терапияның қызықты бағыттарының бірі туралы егжей-тегжейлі айтып береміз.

Нейрографика-күрделі эмоциялармен күресудің немесе қандай да бір ішкі мәселені шешудің бір тәсілі. Оның авторы Павел Пискарев және ол нейрографика туралы кітаптар жазған. Негізінен мұндағы әдіс өте қарапайым, бірақ соған қарамастан онда арт-терапевттердің көптеген ұсыныстары мен нұсқалары бар. Егер сіз осындай сызбалар мен суреттер арқылы өзіңізді тереңірек түсінгіңіз келсе, кітаптарға немесе мамандарға жүгіне аласыз. Мақаладағы барлық ұсыныстар жеке тәжірибеге және авторға әртүрлі өмірлік жағдайларды жеңуге көмектесетін нейрографиканың жеңілдетілген моделіне негізделген.

Неврография көбінесе, визуалды түрде әр адамның миындағы нейрондық жолдарға ұқсас. Оны салу өте қарапайым, бастысы, нақты мақсатқа ие болу және процесті тастамау, суретті соңына дейін жеткізуге тырысу. Мұндай терапия адамның өзімен байланысуына, өзімен қарым-қатынас жасауына, басын түрлі ойлардан босатуына және күнделікті тәжірибеден алшақтатуына көмектеседі.

Онымен танысу үшін қарапайым қағаз парағы, қалам немесе маркерді алып, өзіңізбен жалғыз өткізуге болатын уақытты белгілеп алуыңыз ғана қажет.

1. Өзіңіз шешкіңіз келетін мәселеге немесе білдіргіңіз келетін эмоцияға назар аударыңыз. Көзіңізді жұмып, қаламды парақтың ортасына қойып, ұстаңыз. Енді эмоцияға немесе сұраққа назар аудара отырып, қаламды жұлып алмай және сызықты үзіп алмай парақтың барлық бетіне сызық сызыңыз.

Бұл неврографиялық сызық бұралуы, айналуы, шеңбер тәріздес болуы, бұрыштық және толығымен хаотикалық болуы мүмкін. Сонда да болмасын, сіз еш тартынбаңыз, тоқтағыңыз келгенше эмоцияңызды білдіріңіз. Әдетте, тоқтауға бір дем шығару немесе 4-7 секунд жеткілікті.

2. Сызықтарды сызуды аяқтаймыз. Бір жерде қалам түсіп кетуі мүмкін, бір жерде сіз бұрыштан парақтың шетіне дейін сызық сызғыңыз келуі мүмкін, не болса да өзіңізге рұқсат етіңіз. Осылайша, біз сызбаны жетіспейтін элементтермен аяқтаймыз. Сізге көп сурет салудың қажеті жоқ, тек қажет деп санайтын бірнеше штрихты қосыңыз. Ең дұрысы, сызықтарыңызды парақтың шетіне әкеліп, барлық суретті толығымен аяқтау. Мұнда сізге суретті мінсіз етудің міндетті емес, себебі сурет қазірдің өзінде мінсіз, өйткені ол сіздің ішкі эмоцияларыңыз бен идеяларыңыздың көрінісі.

3. Енді сызықты түрлендіруге көшейік. Сіздің сызықтарыңыз өзін-өзі бірнеше рет кесіп өтті, сондықтан екінші кезең — буындар мен байланыстарды зерттеу. Желілердің түйісулері мен қиылысуларын, барлық бұрыштарын дөңгелектеу керек. Мұны жұқа маркермен жасауға болады. Дөңгелектеу процесі ұзақ болуы мүмкін, сондықтан өзіңізге ыңғайлы кез келген жерден және бұрыштан бастаңыз, сіз парақтың әртүрлі бұрыштарына ауыса аласыз, бәрін өз қалауыңыз бойынша орындаңыз.

Бүкіл дөңгелектеу процесі — бұл миды босататын көптеген шағын және біртекті тапсырмалар. Егер сіз, керісінше, дөңгелектеу процесінде проблемаға немесе эмоцияға назар аударсаңыз, сіз көптен бері іште тұрып қалған нәрсені білдіріп, жіберіп қана қоймай, сонымен қатар мәселенің шешімін таба аласыз.

4. Егер сізде түрлі-түсті қарындаштар немесе бояулар болмаса, сызбаңызды осы кезеңде аяқтаңыз. Алға қарай тағы қадамдауға, шыңдарды бағындыруға дайын адамдар үшін түрлі-түсті қарындаштарды, маркерлерді немесе бояуларды алып, сізде бар пішіндерді бояу керек. Суретке мұқият қараңыз, қандай пішіндерді көріп тұрсыз? Алдымен ең үлкендерін таңдаңыз, оларды қалыңырақ етіп бойап, кейін қалған кішкентайларына көшесіз. Содан соң сізге ұнайтын реңктерді таңдап, пішіндерді түрлі түстермен бояңыз.

Көбінесе, тіпті сурет сала алмаймын дегендер де өздерінің нейробейнелерін көргеннен кейін оны қабырғаға іліп қоюға дайын. Бұл нәрседе де, өзіңізді шектемеңіз!

Неврографиямен жұмыс істеу әркімге өзіндік жеке әсері етеді. Біреу өзін жеңілірек, жақсырақ және тыныш сезінеді, ал біреу тапсырмалардың анық емес шешімдерін болжайды. Қалай болғанда да, мұндай терапия миға демалыс сыйлайды. Сонымен қатар, өзіңізбен бірге өткізген уақыт өзіңізді жақсы түсінуге, сабырлы және еркін сезінуге, тілектеріңізді жүзеге асыруға көмектеседі.

Егер процестен кейінде өзіңізді жеңіл сезіне алмасаңыз, барлық эмоцияларды қағазға хат немесе жұмыстар тізімі түрінде жазуға да әбден болады. Бірақ ең әуелі өзіңізге бір істі тындыруға, шығармашылықпен айналысып, шыңға жетуге мүмкіндік беріңіз!

Гүлдана ЕРМЕКҚЫЗЫ