Назарбаев Қонаевты ұстазы ретінде сыйласа, Қаңтар оқиғасы болмаушы еді

Adal Adam YouTube арнасына сұхбат берген халық әртісі, танымал кинорежиссер Талғат Теменов Назарбаев жүйесі кезінде Қазақстан тозаққа айналғанын, идеология халықты алдауға құрылғанын айтты, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сондай-ақ Қайрат Сатыбалдылардың ықпалымен діни телеарналар ашылып, жастардың миы уланғанын, Қаңтар қырғыны мемлекеттік төңкеріс болғанын жеткізді.

«Жақсы шәкірт ұстазының жағдайын жасайды, қашан да құрметтейді. Ұстазының туған күніне барады. Бізге жетпегені Назарбаевтың ұстазына деген құрметінің жоқ болғандығы. Егер сол кезде Назарбаев Қонаевты ұстазы ретінде сыйласа, Қаңтар оқиғасы болмаушы еді», – деді ол.