Наурызды тойлау кезінде түйе адамды таптап, арбамен үстінен жүріп өткен

Балқаш қаласында Наурыз мейрамы кезінде күтпеген жағдай болды. Мерекелік алаңда түйе кенеттен жүгіріп, секіре бастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жануарды тоқтатпақ болған жүргізуші түйенің табанының астына құлап, кейін тіркеменің дөңгелектері басып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, алаңда жүрген тұрғындар балаларын қауіпсіз жерге алып кетуге асыққан. Зардап шеккен ер адам тірі, бірақ оның жарақатының ауырлығы әлі белгісіз.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

«Балқаш қаласының тұрғыны, түйе иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі және 408-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады ведомство.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...