Нұрсұлтан Назарбаев Анталияға барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анталияға барды, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ADF 2022 дипломатиялық форумына қатысу үшін барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді.

Анталия дипломатиялық форумы – өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған пікірталас алаңы. Бұл жолғы форум «Дипломатияны қайта құру» ұранымен өтеді.

 

«ozgeris.info».