Мешіттің ашылу салтанатынан кейін үш ер адам жантүршігерлік өліммен қаза тапты

Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апаты орын алып үш адам қаза тапты.

Қарғалы ауылындағы жаңа мешіттің ашылу салтанатына орай көкпар ойыны ұйымдастырылған. Көкпарда жеңіске жеткен үш ер адам үйлеріне қайтар жолда қаза тапты.

Спортшылар мінген жүк көлігі өзге жүк көлігімен соғысып, 3 адам қаза тапты.

«Қарағанды облысындағы Қарғалы ауылында жаңа мешіт ашылу құрметіне ұйымдастырылған көкпар жарысынан жеңіспен қайтып келе жатқан спортшылар жол апатына ұшырады. Меркі көкпар командасының спортшылары Қарқаралыда өткен республикалық көкпар турнирінен соң жолға шыққан», — делінген ақпаратта.

Екі спортшы реанимацияда жатыр. Споршылармен бірге келе жатқан жылқылардың барлығы өлді.