АҚШ-тың ғарыш агенттігі НАСА Марста күннің тұтылған сәті түсірілген бейнемен бөлісті, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Хабар 24″-ке сілтеме жасап.
Сирек кездесетін құбылысты Perseverance атты робот таспаға тартқан. Одан қызыл планетаның серігі саналатын Фобостың Күн бетін жапқанын байқауға болады.
Ғалымдардың айтуынша, бұл Фобос орбитасын тереңірек зерттеуге мүмкіндік беріп, оның Марсқа қаншалықты әсер ететінін анықтауға көмектеседі.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ